Өткенге тағзым — ұрпақ аманаты.
29.05.2026
Өткенге тағзым — ұрпақ аманаты.
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, музей меңгерушісі Г.У. Шамиганова Сәкен Сейфуллиннің музей-үйіне арнайы барып қайтты.
Сәкен Сейфуллин — Үкімет басшысы болып тұрғанда халқымыздың төл атауын «ҚАЗАҚ» деп ресми түрде қайтарған және ана тіліміздің мәртебесі үшін күрескен жалынды мемлекет қайраткері.
Ұлты үшін туған Арыстың тағдыры өте қасіретті болды. 1937 жылы жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. Оның артында қалған жалғыз тұяғы — шиеттей ұлы Аян да анасымен бірге АЛЖИР лагеріне айдалып бара жатқан жолда, тар вагонда шетінеді.
Музейдегі сарғайған фотосуреттер мен Сәкен ағамыздың алғашқы қолжазба хаттары — осы бір ауыр тағдыр мен ерен ерліктің тірі куәгері. Өткен тарихты қастерлеу — біздің басты парызымыз. Ұлт боздақтарының рухына бас иеміз!