Этнопаркте Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған футбол турнирі өтті.

04.06.2026

Этнопаркте Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған футбол турнирі өтті. Жарысқа қала мектептері мен "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының аула клубтарының командалары қатысты.
Шиеленісті және жарқын матчтардың қорытындысы бойынша № 4 жалпы білім беретін мектеп базасында жұмыс істейтін "Жеткіншек" аула клубының командасы турнир жеңімпазы атанды. Команда жетекшісі-педагог-ұйымдастырушы Саян Дүйсенбайұлы .
Жеңімпаздарды және турнирдің барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Одан әрі спорттық табыстар, мықты денсаулық, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

 

Просмотров: 23


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу